-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиелідегі «басты проблемаға» айналған орта мектептің мәселесі шешілді

    Шиелі ауданының әкімі Қамарбек Мүбараков Ақмая ауылдық округіндегі №49 орта мектебі ғимаратын аралап, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Бақылау барысында аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ы.Мәдиев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ж.Данабеков, сондай-ақ мердігер мекеме «Сапақ» өндірістік кооперативінің» басшысы С.Садықов және ауыл тұрғындары бой көрсетті.

    Мектептің күрделі жұмыстарының жобасы бойынша шатыр, есік және терезе ауыстыру, ішінара жылу жүйесін және электр жүйесі мен кәріз жүйесін жаңалау, септик, су құбырларын жүргізу, спорт зал еденін ауыстыру, ленолиум ауыстыру, мектептің сыртқы қоршауын жаңадан салу сияқты құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Тұрғындармен сұхбаттасу барысында, 2020 жылғы 16 маусым күні «Азаттық» радиосының ресми парақшасында «37 жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп» тақырыбында жарияланған бейнематериалда «жаңа мектеп салып беру» туралы ұсыныс білдірген кей ауыл тұрғындарына дәл қазіргі уақытта жаңа мектеп салудың тиімсіз екендігі туралы сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

    Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары кезінде мектеп ғимаратынан 800 метр қашықтықтықта Шиелі ауданының бас магистральды каналы өтетіндіктен және Ақмая ауылының маңайында күріш дақылының мол егілуіне байланысты жер асты суларының жиналу горизонты жоғары деңгейде болғандықтан, мектеп ғимаратының жертөлесіне ыза сулардың жиналатындығы туралы мәселе талқыланды.

    Нәтижесінде, аудан басшысы жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінетіндігі туралы, елді мекен ішінен, яғни мектеп ғимараты маңайынан дренажды су скважиналарын қазу туралы шешім шығарды. Ауыл тұрғындарына жер су (ыза су) горизонтын төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі хабарланды.

    Барлық айтылған ұсыныстар бойынша ортақ шешім айқындалды және ауыл тұрғындары алғыс білдіріп, бейбіт келісіммен тарқасты.

    қатысты посттар

    ІІМ қазақстандықтардың паспорттарынан табылған чипке байланысты түсініктеме берді

    Фариза

    Жалағашта спорт мектебі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Қарлығаш Әбдірахманова: Елорда – егемен елдің жүрегі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.