-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жайылманың қарбызын сыртқа шығаруда қиындық болмайды

    Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылының бақшалық алқабында болып, дихандармен кездесті. Жалпы, алқапта 470 гектардан астам жерге қарбыз дақылы егіліп, күтімге алынған. Ауылдағы 12 шаруа қожалықтарында жергілікті тұрғындар тынымсыз еңбек етуде.

    Қазіргі уақытта дихандар ерте егілген бақша (қарбыз, қауын) дақылдарын күтіп баптау жұмыстарын жүргізіп, өнім жинауды біртіндеп маусымның 25-нен кейін, ал шілде айынан бастап жаппай жинауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда шаруаларды алаңдатып отырған мәселе – ол жиналған өнімді кедергісіз тасымалдау, өткізу мәселесі.

    Оның себебі де бар, өйткені көрші облыстарда көктем айларында жиналған көкөніс өнімдерін экспорттауға қатысты орын алған жағдайлардан көпшілік хабардар.
    Осыған байланысты, ауылға арнайы келген басқарма басшысы аудан әкімдігімен бірге, шаруаларды қазіргі жағдайды ескеріп, жиналатын өнімді ешбір кедергісіз өткізу үшін жасалып жатқан тиісті шаралармен таныстырды.

    Атап айтқанда, қазіргі уақытта елімізден шығатын бақша өнімдері экспортына шектеу жоқ екендігін және солтүстік облыстармен біздің өнімдерді тасымалдау, кедергісіз өткізу, қабылдау, арнайы сауда орындарын белгілеу бойынша да келісімдер бар екендігін жеткізді.

    Облыстар арасындағы көлік тасымалы бойынша да арнайы жұмыс жасайтын рұқсат беру жүйесі туралы да түсіндірілді. Бұл ретте, шығатын өнімдерге міндетті түрде карантиндік сертификаттардың болуы және тасымалдау-өткізу кезінде барлық санитарлық шаралардың қатаң сақталуы керектігін атап өтті.

    Сонымен қатар, жергілікті өнімдерді өткізу үшін Қызылорда қаласында халық көп шоғырланған аймақтарда арнайы орындар белгілендігі туралы хабардар етті.
    Дихандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жиналатын өнімдердің көлемі мен пісу мерзімдері, ішкі, сыртқы нарық жолдары және басқа мәселелер бойынша ой бөліскен басқарма басшысы барлық қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 88 кооператив жұмыс жасайды

    Фариза

    Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

    Фариза

    «Ұятты дыбыстар шығады» Тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің жезөкшелер ордасына айналғанын айтып шағымдануда (видео)

    Пікір қалдыру

    13 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.