1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте пневмониядан 23 адам қайтыс болды

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары ЕрболСадырдың мәліметінше, қалада тек коронавирус індетіемес, одан өзге жедел респираторлы вирусты инфекция мен пневмония дерті де өршіп кеткен. Салдарынан өкпенің қабынуына шағымданып, жедел жәрдем шақырушылар соңғы уақытта күрт артқан.

    Ал әкімдіктегілер мен тиісті басқармадағылар болса, жағдайды ушықтырмаудың барлық амалын жасапжатқандарын айтады.​«Біз нақты жоспар жасап, соған сайжұмыстар атқарудамыз. Бүгінгі таңда қалада жеделжәрдем қызметінің 100 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар «103» қызметі арқылы қоңырау қабылдайтын диспетчер санын арттырдық. Жедел жәрдем шақырушылар еселепартты. Көбі ЖРВИ мен пневмония бойынша шағымдануда. Қателеспесем, бір ғана пневмониямен күніне 300-ге дейінадам хабарласады. Бригада науқастардың жағдайына қарай әрекет етеді.

    Бірінші кезекте ауруханаларға жағдайы ауыр науқастар жатқызылуда. Бір күнде кейде 129 адамға дейін дәл осы диагноздармен провизорлық стационарға келіп түседі», – деді Ербол Садыр тілшілерге берген сұхбатында.​

    Ал кейдедене қызуы көтерілген науқастар үйлерінде өздігінше дәрі-дәрмек ішіп, емделуге тырысады дейді әкім орынбасары. Салдарынан жағдайы ауырлап, кейде қант диабеті сындыөзге де қосымша созылмалы аурулары көтеріліп, қайтыс болады дейді ол. ​Соңғы 4 күнде Шымкентте 23 адампневмониядан көз жұмған.

    Шенеуніктің сөзінше, соңғы аптада пневмония мен ЖРВИ-ге шалдығушылардың көптігінен қаладағы провизорлық стационарлар лық толы. Мәселен, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында орынжоқ. «Атамекен» медицина орталығы мен коронавирус​ індетінің белең алуына байланысты бой көтерген жұқпалы аурулар госпиталінде де науқастар жетерлік.​«Қалада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және бағасы да бақылауда» депсендірген Ербол Садыр жасанды желдету аппараттары(ИВЛ) да шаһарда жеткілікті дейді. Бүгінде қалада 301 ИВЛ аппараты бар. Тағы 100 құрылғыға тапсырыс беріліпқойыпты. ​Күні бүгінге дейін Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1500-ге дейін жеткен.

    Ал қауіпті індетке шалдыққан медицина қызметкерлерінің​ саны да өкінішке орай азамай тұр. Қаладағы ақ халаттылардың 20 пайызынан аталған індет анықталған. Сол себептен маман жетіспеушілігі орын алмас үшін​ жоғары және орта арнаулы медицина мекемелерінбітірген жас мамандар​ жұмысқа шақырылды деп отырекен.​

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Байзақтағы оқиғадан зардап шеккен барлық үй жаңғыртылып, пайдалануға берілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: МАЯТАС, ЕЛТАЙ, ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

    Фариза

    Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан айықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.