10.4 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Республикалық байқауда Шымкенттік мемлекеттік қызметші үздік деп анықталды

    Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

    Бүгінгі кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күніменқұттықтаған департамент басшысы А.Көмекбаевжеңімпаздарды «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапаттады.

    Еске салсақ, онлайн режимде өткен республикалықдеңгейдегі  конкурсқа қаламыздың мемлекеттік органдарыарасынан 48 білікті де, білімді мамандар құжаттарынтапсырған.

    Қатысушылардың жұмыстары екі номинация — үздік эссе/мақала, үздік бейнеролик бойынша бағаланды. Осылайша, ең жоғарғы ұпай жинаған 3 мемлекеттік қызметшініңқұжаттары республикалық конкурсқа жолданған.

    Еліміз бойынша байқауға қатысқан мемлекеттікқызметшілердің ішінен 10 азамат үздік деп танылды. Олардың қатарында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойыншадепартаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек те бар.

    Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігітөрағасының «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволықнаградасымен Төтенше жағдай кезінде үздіксіз қызмет етеотырып, карантин мерзімінде үлкен үлестерін қосқаны үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

    Айта кетейік, жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласында1932 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды.  Оның ішінде965-і әйел азаматы болса, 29 жасқа дейінгі жас қызметшілер– 471-ті құрайды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Асар шағынауданындағы 100 отбасы жұмыспен қамтылады

    Фариза

    Бизнеске бет бұрғандар көбейді

    Қызылордада онкологиялық орталық салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.