-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда 20 жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген мектеп күрделі жөндеуден өтеді

    «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Quttymeken» ұлттық жоба аясында құрылған мониторингтік топтың мүшелері Әйтеке би кентіндегі Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

    Мектептің ғимараты 1967 жылы пансионат болып салынған, 1996 жылы мектеп ретінде бейімделген.

    Пайдалануға берілген уақыттан бері ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2012 жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекетттік сараптамадан өткізілген. Алайда, жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлінбеген.

    Мектеп-гимназия ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қайтадан 2019 жылы жалпы құны 249639,5 мың теңге болатын жоба-сметалық құжат дайындалған.

    Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында» 228535,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен өткізілген конкурста «Энергомера» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Жоба-сметалық құжат бойынша ғимараттың есігі мен терезесі, шатыры, жылу жүйесі мен электр желісі толығымен ауыстырылып, ішкі және сыртқы қабырғалары сыланатын болады. Сондай-ақ, асхана ғимаратының төбесіне де жөндеу жүргізілу жоспарлануда.

    Аталған, бағдарлама бойынша 57 жұмыс орны ашылып, оның ішінде уақытша 29 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмыспен қамтылып отыр.

    қатысты посттар

    Жер туралы жаңа заң жобасы: шетелдіктер мен қандастарға жер сатылмауы мүмкін

    Фариза

    Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов қамауға алынды

    Фариза

    Қазақстандықтарды тағы бір банк атынан алдап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.