-9.1 C
Алматы
Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Аралда спорт мектебі жөндеуден өтуде

    Арал ауданының орталығындағы №19 олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебінің арнаулы бокс залы өткен ғасырдың басында салынған. Бүгінде аталған мектепке 250-ге жуық бала келеді. Олар бокс, кикбокс және қыздар боксы түрлерінен жаттығады.

    Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 млн теңге қаржы бөлініп, мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Күні кеше аудан әкімі М.Оразбаев аталған жұмыстардың жай-күйімен танысып, жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер «Алжан Орда» ЖШС өкілдерімен кездесіп қайтты. Кездесу барысында басталған жұмыстардың сапалы әрі мерзіміне сәйкес атқарылуын тапсырды.

    Айта кету керек, өткен жылы ғимараттың сыртқы беті жаңаланса, биылғы жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың төбе жабындысы жаңаланып, талапқа сай жаңғыртылатын болады.

    қатысты посттар

    Дәрігерлер Алматыда арықтан табылған сәбидің жағдайына қатысты мәлімет жариялады

    Фариза

    Карантин қазан айында жалғасын таба ма: Министрлік жауап берді

    Фариза

    Аяусыз соққыға жығылған Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.