-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

    Қызылорда қаласындағы 32 көп қабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    Күрделі жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қолға алынған. Аталған бағдарлама негізінде осыған дейін облыс орталығында 134 көп пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген.

    Бағдарламаның тұрғындар үшін тиімді тұсы – үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Яғни бағдарламаның талаптарына сәйкес ең алдымен тұрғындардың кемінде 70%-ы келісуі қажет. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ толық бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса мердігерге жеткізе отырып, өзгертулер енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да сол белсенді топ мүшелері атсалысады, – дейді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев.

    Біз модернизацияны ұзақ күттік. Үйіміз 1964 жылы салынған. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеді. Шатырымыздан су ағып, жылу құбырлары мен кәріз жүйесі өте нашар жағдайда болған. Бүгінде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына көңіліміз толады. Біраз жылға дейін уайымсыз отырамыз деп сенімді түрде айта аламын, – дейді қала тұрғыны Ирина Осадчук.

    Бұрын үйіміздің шатыры мазалайтын. Сол шатырымыз дұрысталып жатыр. Судың, жылудың құбырлары да ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай, – деді қала тұрғыны Алмағанбет Жүнісов.

    Сол жағалаудағы үйлерді қоса алғанда қалада 815 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 426-сыжөндеуді қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында тағы да қала аумағындағы 26үйді жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылды.

    қатысты посттар

    15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

    Фариза

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаш ауданында 140 жоба қаржыландырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.