-5.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жарықты заңсыз сөндірсе, қайда хабарласу керек?

    ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіоблыстұрғындарынсапасыз және сенімсіз электрмен жабдықтау фактілері туралы хабарлауды сұрайды.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағының 3-тармақшасына сәйкес тұтынушы жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы және 12-тармаққа сәйкес сатушы тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге міндетті.

    Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері болған жағдайда, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша Қызылорда қаласы, Қызылжар тұйығы 3, 18 құрылыс, тел. 8(7242) 701484, немеса kyzylorda.kaenk@energo.gov.kzэлектрондық поштасына хабарласуыңызға болады.

    қатысты посттар

    Бүгін – Тұңғыш Президент күні

    Фариза

    Заманбек Нұрқаділовтің ұлы: Әкем Назарбаевқа қарсы шыққан соң, Мақпал екеуінің арасында ұрыс болды

    Фариза

    Орал мектебінде сабақ кезінде он баланың көзі күйіп қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.