Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Шымкент қаласында 21 маусым – медицина қызметкерлеркүніне орай Шымкент қаласының Денсаулық сақтаубасқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұловауруханаларға арнайы барып, ақ халатты абзал жандардықұттықтады.

     

    Құттықтау барысында Шымкент Денсаулық сақтаубасқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұловмедицина қызметкерлеріне сыйлық тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

     

    Бұл мерекелік сыйлық Шымкент қалалық кардиологиялықорталық, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы, Шымкент қалалық перинаталдық орталық, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы және Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасындағықызметкерлеріне табысталды. Олардың әрқайсысының 15 бөлімшесіне аталған сыйлықтар берілді.

     

    Өз кезегінде Шымкент қалалық кардиологиялық орталықбас дәрігерінің міндетін атқарушысы ЕрмағанбетМұқанұлы: «Құрметті әріптестер, кәсіби мерекемізге орайШымкент әкімшілігі және қалалық Денсаулық сақтаубасқармасы атынан сыйлық жіберіп, бізді құттықтап отыр. Ризашылығымызды білдіреміз. Әріптестерімеденсаулықтарыңыз мықты болып, мына қиыншылықтантезірек өтіп, індетті бірге жеңе берейік дегім келеді», – дедіЕ.Қуатбаев. Ал кардиохирург дәрігері Тыныбек Сапаров он жылдан бері осында істейтінін алға тартып, сыйлық әкелгенкісілерге алғысын айтты. Осы орайда Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының кәсіподақ төрағасы ҚұрманбайБайрамов та өз рақметін жеткізді.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Жамбылда тоғыз айда 309 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілген

    Фариза

    Жамбылда балық шаруашылығы дамыту бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда

    Фариза

    Қызылорда облысына қашықтан оқытуға қажетті 9478 дана компьютер әкелінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.