-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Қызылорда облысы Арал ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқыны тоқтамайды. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл жұмыс көздері аталған бағдарлама бойынша бекітілген 16 жоба бойынша іске аспақ.

    Жобаны ұтқан мердігерлермен арадағы келісім-шартқа сәйкес, жұмысшылардың кемінде 50% жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілу қарастырылған.

    Биыл Арал қаласында 33 көше жөнделеді. Барлығы 22 шақырымнан асатын көшелердің құрылысына республикалық бюджеттен 660 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Үлкен жобаға «Арал құрылысы» ЖШС-гі мердігер болып анықталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы аталған жол жөндеу жұмыстарына 43 адамды жұмысқа қабылдап үлгеріпті.

    – Бүгінгі күні 5 көшенің астыңғы қабаттары тегістеліп жатыр. Құрылыс материалдары дайын. Алдағы аптада асфальт жабындыларын төсей бастаймыз. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен әрі уақытында бітетін болады, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев.

    Бұдан өзге аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіре беріс» автожолының құрылысына 99 млн 452 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары басталатын болады.

    Тағы қуанатын жаңалық, аудан орталығындағы Абай көшесін абаттандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 110 млн теңгеден астам қомақты қаржы бөлініпті. Бас мердігері «Наурыз құрылыс» ЖШС. Аталған мердігер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адамды жұмысқа қабылдап, абаттандыру жұмыстарын бастап кеткен.

    Мамыр айында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың өзі барып іргетасын қалаған қаладағы №2 мөлтек ауданы аумағындағы 10 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Мұндағы әр үй 4 пәтерден, бір қабаттан тұрады. Яғни салынатын он үйде 40 пәтер болса, соның жартысы екі бөлмелі, ал қалғаны үш бөлмелі пәтерлер. Тұрғын үйді тұрғызудағы басты мақсат – өз үйіне қол жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу. Яғни, аталған жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім-шарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлінген. Жаңа баспанаға аталған банк арқылы кезекте тұрған салымшылар ғана қол жеткізе алады.

    Айта кету керек, жаңа үйлерді салушы бас мердігерлер – жергілікті «Наурыз құрылыс» және «Арал су құрылысы» ЖШС. Қос мердігер кіріскен құрылыс жұмыстарына аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50-ге жуық аудан тұрғындарын тартыпты. Тұрғын үйлер күзге дейін бітіп, 40 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойламақ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында құс тұмауы тіркелген жоқ

    Фариза

    Байқоңырды дамытуға арналған бағдарлама аясында қала жаңа кейіпке енеді

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.