-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Көкарал су тоспасына арнайы құрылғы орнатылды

    Көкарал бөгеті 2005 жылы САРАТС жобасы аясында салынған болатын. Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген «ғасыр жобасының» нәтижесі – теңізді қолдан бөгеуге де қауқар барын көрсетті. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы шеңберінде салынған Көкарал бөгеті 2006 жылы аяқталды. 13 шақырымдық тоспа кіші теңізді – «өлі теңізден» бөліп алды. Осылайша судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеп, балық өрісі жанданды. САРАТС – сенімді ақтап, теңіз төскейіндегі халықтың игілігіне айналып, ата кәсіппен қайта қауышуға зор мүмкіндіктер сыйлады.

    Жалпы бүгінде Арал балықшылары жылына жеті мың тоннадай балық аулап, оның екі мың тоннасын экспорттайды. Қазірде айдын 18 аумаққа бөлініп, табиғат пайдаланушыларға бөлініп берілген. Арал ауданында жылдық қуаттылығы 19 мың тонна балық өңдеуге қауқарлы 8 балық өңдеу зауыты бар. Зауыттар Қытай мен ТМД елдерінен бөлек Еуропаға су маржанын саудалайды. Теңізге жылына он бес миллион дана шабақ жіберіледі. Бірақ Көкарал бөгеті арқылы мол сумен бірге балықтың ұлы теңізге қарай ауып кету мәселесі осы күнге дейін өзекті болып келген еді. Көптің көңілін күпті еткен бұл мәселені реттеу мақсатында Аралды құтқару қоры арқылы біршама жыл жұмыстар жасалып, нәтижесінде күні кеше Көкарал су тоспасында балықтарды тоспадан өткізбейтін гидроакустикалық құрылғы іске қосылды.

    Көкарал бөгетіне балық қорғау құрылғысын орнату шарасына Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер және облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов және сала мамандары қатысты.

    Табиғат – ортақ анамыз. Балықты аман сақтап қалу ісіне үлесіміз тисе, игі іс. Құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрдім. Нәтижелі боларына сенемін, – деді Тило Клинер.

    Құрылғы балықты үркітетін дабыл арқылы жұмыс істейді. Яғни, су астындағы дыбыс ұлғайтқыш калонналар балықтың сенсорлық органдарына әсер етеді. Бұл балықтарға еш зиянын келтірмейді. Ол тек қана төменгі жиілікте балықтардың үлкен-кішісін үркіту арқылы ол жерге жақындатпайтын болады.

    Қосу тетігіне дейін 220 Вт электр қуаты келгенмен судағы құрылғыға 12 Вт ток барады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікті нығайтады.

    Көкарал су тоспасынан теңізге кеткен балық – шығын. Ол тонналап кетіп жататын. Бұған дейін талай рет көтерілген мәселе еді. Мына құрылғының пайдасы зор. Бұдан бөлек Ақбастыға қарай өзен-көлдер арнасына суды бағыттау арқылы мәселені шешуге болады. Бір жағынан балықшыларға аулайтын жер көбейеді, – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов.

    қатысты посттар

    Алматы облысындағы аудандардың бірінде блок-бекеттер қойылды

    Фариза

    Төретам кентінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді

    Фариза

    Қызылорда облысында маңызды жобалар жүзеге асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.