7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Аралда балық өсіретін инкубациялық цех іске қосылды

    Қазіргі таңда Арал балықшылары жылына жеті мыңтоннадай балық ауласа, оның екі мың тоннасынэкспорттайды. Осы мақсатта ауданда жылдық қуаттылығы 19 мың тонна балық өңдеуге қауқарлы 8 балық өңдеузауыты жұмыс істеп тұр. Міне, сол зауыттардың жұмысынәтижесінде теңізді өлкенің балығының дәмін тату бақыты тек Қытай мен ТМД елдерінің ғана емес, Еуропа халқына да бұйырып отыр.

    Ауданның кәсіпкерлік бағытындағы жұмысына қарқынберіп келе жатқан ата кәсіптің мүмкіндігін молайтумақсатында тағы бір жоба басталды.

    «Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігініңбастамасымен балық қорын көбейту мақсатында жазылғанжоба жемісін беріп, «Ғаламдық экологиялық қордың» қаржылай қолдауымен Ақшатау ауылында көлемі 16х30 метр болатын балық шығаратын инкубациялық цех салынды. Бұл цехқа Ресейден аппараттар алыныпқондырылды.

    Жобаның жалпы құны – 21 млн теңгені құрап отыр. «Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігініңтөрайымы Айнагүл Баймаханова жобаны жүзеге асырубағытында 11 млн қайтарымсыз грант ұтты.

    Жоба серіктестері «Жамбыл» өндірістік кооперативі, дара кәсіпкер Игіліков Төребек бірлесе атқарылатынжұмысты орындаушы «Қазалы Уазис» қоғамдық бірлестігіболмақ. Алынған дернәсілдер теңіздің Арал және Қазалыаумағындағы айдындарына жіберілетін болады. Биылғыжылы іске қосуды жоспарлап отырған бастама аясында 12-15 млн дана личинкалар өсіп шығады деп күтілуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылының түлектерін университет тегін оқытпақ

    Фариза

    Болат Назарбаевтың Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

    Фариза

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.