-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада есептегі сотталғандар жұмыспен қамтылмақ

    Қызылордада қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қараман Ағанин төралығымен «Пробация есебіндегі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды бірлесіп ұйымдастыру» тақырыбында жиын өтті.

    Жиынға «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығы» КММ бастығының орынбасары О.Әділ, «Қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мекемесі басшысының орынбасары А.Қиясова және қалалық пробация қызметінің инспекторлары қатысты. Күн тәртібіне сай, жиынға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Жиын барысында «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығы» бастығының орынбасары О.Әділ, пробация есебіндегі азаматтарды «Жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеп жүрген есептегі азаматтар үшін, тек жеке куәліктің көшірмесі арқылы жұмысқа орналысу мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.

    Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Үрзада Жұмаділла пробация есебіндегі азаматтарға жаңа мамандық игеру үшін оқу курстары қашан басталатынын сұрады. Бұл сұраққа қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Қиясовақазіргі уақытта оқу курстарын бастау туралы нұсқау келіп түспенгендігін, егер оқу курсы басталып жатса, хабардар ететінін айтты. Сонымен қоса, пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған сотталғандарды «Жасыл ел»жастар еңбек жасағына жұмысқа орналастыру мәселесі де қаралды.

    Жиынды қорыта келе, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыптастырып қайта қылмыс жасауының алдын алуға бағытталған бірлескен шаралар қабылдап, іске асыратындықтарын жеткізді.

    қатысты посттар

    БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

    Фариза

    Сыр еліне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

    Фариза

    Мал дәрігерлерінің жалақысы көбейеді – министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.