-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Берік Уәли елімізге Әкелер күнін енгізуді ұсынды

    Бүгін, 21 маусым, көптеген елдер үшін Әке күні. Осынау маңызы зор мереке басқа шет елдер үшін атаулы күн болғанымен, елімізде Әкелер күні атымен жоқ, тойланбайды да. Соған орай бүгін Берік Уәли Қазақстанға да Әкелер күнін енгізуді ұсынды:

    Бүгін әлемнің көптеген елдерінде ӘКЕ күні. АҚШ, Мексика, Канада, Ресей, Украина т.б мемлекеттер бұл мерекені ресми түрде атап өтеді. Көптеген елдер отбасы институтындағы әкенің маңызын түсіне бастағандай. Біздің елімізде де ӘКЕЛЕРІМІЗГЕ арналған атаулы күн болғаны жөн деп ойлаймын.
    Себебі, дәстүрлі қазақ қоғамында ӘКЕ иниститутының орыны ерекше болған. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінен қуат алған қазақ баласы үшін шын мәнінде «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ».
    Жиырмасыншы ғасыр басында көтерілген «әйел теңдігі» мәселесі демократия үшін көп игіліктер әкелгенімен, оның дәстүрлі ұлттық таным мен түсінікке, қазақы тәрбие негізінінің бүлінуіне әкеп соқты. Совет идеологиясы әке мен ананы қоса әспеттеудің орнына, әке иниститутын ығыстырып шығарды. Бірақ, қазақтың ұлттық иммунитеті оған сырттай келіскенімен, іштей жол бермеді.
    Біз әкелерімізді ардақтап өстік. Өзім де Аллаға шүкір, көп балалы әкемін. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық», «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі, өзіне келер ұятты, өзі біліп тұрса игі» деген мақалдар тегін шықпаса керек.
    «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің». Әкелерімізді ардақтағаннан жаман болмаспыз. Бұл әкенің де ұрпақ пен ел алдындағы жауапкершілігін әрі абыройын арттырады деп ойлаймын.
    Алаштың алтын діңгегі әкелер аман болсын!

    https://www.facebook.com/100003403233694/posts/2915976315192448/?d=n

    қатысты посттар

    Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фариза

    Ай сайын бір отбасыға бір баспанадан… Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қоры ашылды

    Фариза

    Батыс Қазақстан облысында суға талас болып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.