Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада шаруашылық ұсынысы жетекші партияның араласуымен қолдау тапты

    Қызылорданың солтүстік аудандары биылдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен мамандандырылған кестеге енді.

    Енді алма, жүзім секілді дақылдарды өсіруге ниеттенген шаруашалықтар мемлекет тарапынан субсидия алатын болды.

    Жаңа өзгерістің министрліктен қолдау табуына «Nur Otan» партиясы мұрындық болды. Соның нәтижесінде жеміс өсірумен айналысатын шаруашылықтар ісі жандана түсті.

    Жетекші партия араласуымен қолдауға ие болған шаруашылықтың бірі Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығы.

    Күріш егумен айналысатын серіктестік әртараптандыру бағытында осыдан 3 жыл бұрын алма өсіруге кірісті. Алма бақта қазір 12650 түп алма ағаштары отырғызылған. Ерекше күтімнің нәтижесінде жеміс ағашы түгелдей түйнектеп тұр. Шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов берекелі бақтың берері мол екеніне сенімді.

    Әсіресе, субсидия мәселесінің шешілуі бағбандыққа бет бұрған біздер үшін үлкен көмек болды, – дейді төраға. – Түркістан, Алматы облыстарына қарағанда бізде қиындау. Жазықтық жер емес, сондықтан осы жерді қалпына келтірудің өзіне көп қаражат жұмсадық. Шығынды көп қажет етті. Ақпан айында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза біздің аймаққа келген кезде өңірдің оңтүстік аудандарына алма, жүзім өсіруге мемлекет тарапынан субсидия беріліп, солтүстік аудандар мамандандырылған картаға енбей қалғандығы жөнінде айтып қолдау көрсетуді сұраған болатынмын. Партияның қолдауымен мәселе оң шешімін тапты. Біз қуаныштымыз.

    Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаевтың айтуынша өңірде күріштен басқа да дақылдарды әртараптандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы, аймақтың ауыл шаруашылығын қолдау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 13-14 миллиард теңгедей қолдау көрсетіліп келеді. Соның ішінде, алма, жүзім дақылын өсірумен айналысатын шаруалар шығынының 25 пайызы субсидияланады.

    Бұған дейін өңірде 510 гектар жерге алма, жүзім өсіріліп келсе, биыл 60 гектар тағы қосылған. Арасында «Ер-Әлі» қожалығының 5 гектар бағы да бар.

    Бүгінде 5 гектар жердегі жеміс ағашын күтіп-баптау үшін бақта 5 жұмысшы еңбек етеді. Ауылдың алма бағынан өз нәпақасын айырып отырған жанның бірі Нұрбол Сейсенбаев.

    Мен мұнда жерді ашып бастаған уақыттан бері жұмыс жасап келемін. 3 жыл болды. Үйден кіріп-шығып жұмыс істейміз. Негізгі қызметіміз алманың күтімі. Суын беріп, шөбін шауып дегендей. Жалақымыз уақытылы, 80 мың теңге. Шаруашылық жағдаймызды ескеріп, әлеуметтік қолдау көрсетіп те отырады. Жыл соңында сыйақы да аламыз, – дейді ол.

    Бақтың 4 гектарына алманың күздік, 1 гектарына жаздық сорттары егілген. Бір түп алма ағашы жобамен 15-20 келі өнім бермек. Шаруашылықтың басты ұстанымы – облыс халқына алманы нарық бағамынан төмен бағада ұсыну.

    қатысты посттар

    Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

    Фариза

    Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйінде ұсталды

    Фариза

    Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.