17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада коронавирусқа қарсы бақылау күшейтілді

    Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуы күн сайын артып барады.

    Соңғы күндері әр тәулікте тіркелген науқастардың саны 40-тан асуда. Ахуалдың күрделенуіне байланысты облыс прокурорының өкіміммен облыс әкімдігімен бірлесіп жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшыларынан тұратын өңірлік мониторингтік топ құрылды. Одан бөлек қала, аудан орталықтарында 32 мониторингтік топ жұмыс атқарып, күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

    Олардың міндеті карантин уақытында базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер және тағы да басқа қызмет көрсету орталықтарында санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізу.

    Өңірлік мониторингтік топ жетекшісі облыс прокурорының орынбасары Д.Катаев, облыстың бас санитариялық бас дәрігері А.Әбдіқайымова және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.НуриддиновҚызылорда қаласындағы «Отырар» сауда үйін аралап, сауда үйінің басшылығына сатушы қызметкерлермен бет пердесіз, қолғапсыз жұмыс істеп жатқаны, төменгі қабатта желдету жүйесінің жұмыс істемейтіні туралы ескертілді. Өз кезегінде «Отырар» сауда үйі басшылығы кемшіліктерді жоятынын, ол үшін 2 күнге сауда үйінің төменгі қабатын жабатынын жеткізді. Бүгінгі күнге дейін топтармен 7920 нысан тексерілді. Оның 4566-на ескерту парақтары берілді.

    Бұл нысандарда ара қашықтық сақталмайды, қызметшілер бет пердесіз, қолғапсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. Мәселен, «Small» сауда үйінде 2 кассирдің қолғапсыз халыққа қызмет жасап тұрғаны анықталып, топпен тиісті құжаттар рәсімделіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен негізінен қарау үшін сотқа жолданған. Жалпы 10 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Мониторингтік топтармен шектеу және қауіпсіздік шараларының сақталуына бағытталған рейдтік шаралар жалғаса береді.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды

    Фариза

    «Ауыл – ел бесігі» жобасы: Қызылордада 5,1 млрд теңге бөлінді

    Фариза

    “Мумияға айналып кеткен…” Әйел адам 37 жыл бойы нәрестенің мәйітін сақтап келген

    Пікір қалдыру

    1 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.