-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада еріктілер полицейлерге көмек көрсетіп жатыр

    Қызылордада полицияның ерікті көмекшілері қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, мал ұрлығы қылмыстарының ашылуына өз үлестерін қосып жатыр.

    Жаңақорған ауданы жер жағдайы жағынан мал ұстауға қолайлы болғандықтан, облыс бойынша барлық мал басының 30 пайызы осы ауданда. Мал басының көптігі, оның өз бетінше қараусыз жүруі және мал иелерінің жауапсыздығы ұрлардың ойын жүзеге асыруына себеп болады.

    Өткен жылдардағы мал ұрлықтарына талдау жасау барысында 2018 жылы жалпы 44 мал ұрлығы орын алып, олардың 18 дерегі жайылымнан ұрланса, 26 дерегі қорадан ұрланған. 2019 жылы жалпы мал ұрлықтарының 61 дерегі орын алып, олардың 14 дерегі қорадан ұрланса, 47 дерегі малдардың бақташысыз өз бетінше жайылымда жайылып жүрген жерінен орын алған.

    Аудандағы 26 ауылдық округінің 11-де ғана пада ұйымдастырылса, қалған ауылдарда бұл жұмыс аяқсыз қалып отыр.

    Жыл басында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі басшылығы мен аудандық прокуратура бірлесіп, барлық ауылдың тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – ауылдарда орын алып жатқан қылмыстарға тосқауыл қою, мал ұрлығының алдын-алу шараларын бірлесіп атқару. Құқық қорғау органдарының басшылары мен тұрғындар пікір алыса келе ортақ мәмілеге келді.

    Ауыл тұрғындарына өздерінің арасынан ерікті адамдардан полицияның қоғамдық көмекшісі боламын деп ниет білдіретін адамдарды таңдап, полиция бөліміне өтініш білдіру жөнінде айтылды.

    Нәтижесінде заң талаптарына сай, аталған ауыл тұрғындарының тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтар тарапынан полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде тіркеуге алу туралы бірнеше өтініш келіп түсті. Осы өтініштер аудан әкімдігіне жолданып, қолдау тапты.

    Бүгінде 17 адам қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде тіркеуге алынып, оларға айрықша үлгідегі куәлік пен арнайы киім берілді.

    Қазіргі таңда аудан көлемінде полицияның қоғамдық көмекшілері елдімекенде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, қылмыстың алдын алуға өз үлестерін қосуда. Күнделікті рейд кезінде олар тек қана ауыл көшелерін ғана емес, ауыл маңындағы жайылымдарды аралап, тұрғындардың төрт түлік малына да көз қырын салып жүр. Осылайша бірлесіп атқарылып жатқан шаралар аудан көлемінде мал ұрлығы мен жалпы қылмыстың азаюына септігін тигізеді деп күтіледі.

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Фариза

    Желтоқсаншылар неліктен әлі күнге дейін ақталып жүр?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.