11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте сыбайлас жемқорлық фактісі азаймай тұр

    Ағымдағы жылы лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа бару
    фактілері азаймай тұр. Шымкентте шенділердің бизнеске араласуы бойынша
    18 қылмыс тіркелген. Осы және өзгеде құқықбұзушылықтарды ҚР Сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша
    департаменті басшысының бірінші орынбасары онлайн брифингте баяндады.

    Онлайн брифингте Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    қызметінің ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған шаруалар баяндалды.
    Жыл басынан бері Департамент қызметкерлері 62 қылмыс іс тіркеген. Оның
    34-ті алаяқтық және жымқыру фактілері.

    Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау
    блогында 27 факт, сонымен қатар ауылшаруашылығы саласында 14, құрылыс
    саласында 3 жағдай орын алған.
    Биыл 49 қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдікті ретінде 25 адам танылып,
    оның 19-ы сотқа жолданған. Қазіргі таңда 9 адамға қатысты сот үкімі шықты.
    Бұлардың арасында лауазымды тұлғаларда бар. Олар өз қызметін
    пайдаланып бизнеске қасақана кедергі жасамақ болған.

    Бизнесті қорғау шеңберінде барлығы 16 кәсіпкерлік субьектісінің құқықтары
    қалпына келтірілді. Мысалы ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық
    инспекциясының мемлекеттік санитарлық инспекторы Арапов 6 жылға бас
    бостандығынан айрылды.

    Пандемияға байланысты елде жарияланған төтенше жағдай режимінің
    бұзылуына қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар назардан тыс
    қалмаған. Жол-патрульдік полкінің бір қызметкері жымысқы әрекеті үшін
    750 мың теңге айыппұл төлеп,жазаға тартылған. Ол төтенше жағдай кезінде
    қала ішінде блок бекеттен өтуге рұқсат беремін деп ұсталған.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУДА

    Фариза

    Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

    Фариза

    Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды

    Пікір қалдыру

    20 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.