-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте «Бизнес бастау» жобасы бойынша биыл 4 мың азамат кәсіптік білім алады

    Шымкентте жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді.
    Бизнесті қалай және неден бастау керек? Алғашқы қаржыны қайдан алуға болады? Осындай
    сұрақтармен әрбір жас кәсіпкердің бас қатырары анық. Осы орайда шағын және орта бизнесті
    дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі
    кәсібін ашқысы келетіндерге арналған «Бастау Бизнес» жобасы.

    Шымкентте «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау үздіксіз жүріп
    жатыр. Жобаға 18 жастан асқан жұмыссыз азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, атаулы
    әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ өз кәсібін ашқанына 1 жылдан аспаған жас кәсіпкерлер де
    қатыса алады. Ол үшін бар болғаны 2 кезеңнен өтесіз.

    Бірінші міндетті түрде осы категориялар Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өз статусы
    бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жолдама алады. Сөйтіп, біздің платформаға кіріп,
    жолдаманы тіркеп, жеке куәлігінің екі жағын міндетті түрде тіркеу керек.

    Оқу мерзімі 21 күнді қамтиды. Биыл өтінім берушілердің көп болу себебінен 1850 орынды екі
    есеге ұлғайттық, — дейді мамандар. Нәтижесінде, 2020 жылы 4000 азамат кәсіпкерлік білімін
    жетілдірмек. Сондай-ақ, еліміздегі карантиндік режимге байланысты Атамекендіктер оқу үрдісін
    онлайн форматқа көшірген. Ал, оқуды аяқтаған түлектер мемлекет есебінен берілетін 200 АЕК
    көлеміндегі қайтарымсыз қаржы ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

    Кәсіпкерлік біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар үшін 18 бизнес-тренер жұмыс істейді.Оқыту
    маусым мен қыркүйек айлары аралығында, 5 ағым бойынша жүргізілмек. Айтып өтейік, өткен
    жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында 4335 азамат оқуды аяқтап, 1863 жас кәсіпкер
    қайтарымсыз қаржыға ие болған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте жыл басынан бері 25 016 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ 39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.