-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді

    19 маусымда Алматы облысының бас мемлекеттік дәрігері «Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайдыQazweek.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Егер бұрын Талдықорғанда саябақтар мен бассейндердің жұмысы тоқтатылса, жаңа қаулыға сәйкес енді демалыс алаңдары мен жағажайлардың жұмысы тоқтатылады.

    Одан бөлек саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, бассейндердің де жұмысы тоқтайды.

    Аудандар мен қалалар әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн форматта жұмыс істейді, ал онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін емес жағдайда электрондық кезекпен алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 16-00-ге дейін жұмыс кестесімен және халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында басқа да қызметтер көрсетіледі.

    Одан бөлек әрбір мемлекеттік органда (ұйымда), ұлттық компанияларда, басқа да кеңселерде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 23-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдарда COVID-19 тіркелген жағдайда алмастыру үшін басшы және атқарушы құрамдар қатарынан негізгі және қосалқы топты қалыптастырылады. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс тәртібінде қалады.

    Қаулыға сәйкес, Алматы облысында ҰБТ өтеді.

    «Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білімді бағалаудың (Ұлттық бірыңғай тестілеу, білім беру қызметкерлерін біліктілік тестілеу, олимпиадалар, түсу және бітіру емтихандарын) барлық түрлерін өткізуді қоспағанда, білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту қамтамасыз етілсін» делінген қаулыда.

    Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері 2020 жылғы 20-21 маусым аралығында туристік аймақтар мен ұлттық парктерді жабады, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғалар – әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек.

    — Облыс аумағынан тыс жерлерге, елді мекендер ішінде бірінші қажеттілік тауарларынан, дәрі-дәрмектермен және зейнетақы төлемдерінен басқаны есепке алмағанда, елді мекендер ішінде, облыс аудандары мен қалалары арасында 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруы шектеледі;

    — Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салынады.

    қатысты посттар

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

    Фариза

    «Бұлардың коронавирустан өлген адамдарға түкіргендері бар» Карантин кезінде ережені бұзған тағы бір шенеуніктік әрекеті әшкере болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.