-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне екі жылда 5 млн түп сексеуіл егілді

    Даланың шөлге айналу қаупінің алдын алу үшін кейінгі екі жылдың ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне 5 млн түп сексеуіл егілген.

    2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Корея Республикасының Корей орман қызметі және биоәртүрлілікті сақтау қорымен бірлесе отырып, Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі 13,300 га аумаққа 5 млн түп сексеуіл көшетін отырғызды. Бұл жұмыс «Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғап қалған түбін фито-орманды қалпына келтіру» жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған Кореяның орман қызметі 1,7 миллион доллар инвестициялады.

    Арал теңізінің құрғауынан бұрынғы су айдынының 6 миллион гектардан астамы босап қалған. Жыл сайын ауаға Арал теңізінің құрғаған түбінен 100 миллион тоннадан астам тұз, шаң мен құм ұшады. Климаттық жағдайдың өзгеруінің даусыз белгілері бар. Сонымен қатар желдің әсерінен пайда болатын тұз бен шаңның қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізетіні де белгілі.

    Осыған байланысты 1980-ші жылдан бастап Қазақстан орманшылары Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу арқылы құм мен тұзды дауылдарының барынша алдын алуда. Арал теңізінің құрғаған түбінде орманды қалпына келтіру – экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар кешеніне енгізілген. Қызылорда облысының орман шаруашылықтары жыл сайын 10 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызады. Оның 6 500 гектары Арал теңізінің құрғаған түбінде жатыр. Жобаны ғылыми тұрғыда қолдау аясында Арал теңізінің құрғаған түбінде Корея университетінің зерттеушілері жасанды екпелердің топырақ қасиетіне әсері туралы бірегей зерттеулер жүргізді.

    Бір сексеуіл бұтасының тамыры шамамен 4 тонна құмды ұстай алады. Арал теңізінің құрғаған түбі үшін Қазалыда арнайы сексеуіл көшеттері өсіріледі. Тәлімбақтың ауданы 32 гектар. Жылдық өнімі 4 млн сексеуілден асады. Сексеуіл ормандарының өсу аудандарын сақтау және олардың жойылуына жол бермеу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен сексеуіл ормандарында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ағаш кесуге, сондай-ақ республиканың сауда орындарында сексеуіл сатуға тыйым салынған.

    Орталық Азиядағы сексеуілдің көбі Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақ орман қызметінің амал-әдісі – даланың шөлге айналыуымен күресте ең сәтті тәжірибе саналады. Жалпы 1980-2000 жылдар аралығында Аралдың құрғап қалған бөлігіндегі 190 мың га аумаққа сексеуіл отырғызылған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Қызылордада атом саласының үздік қызметкерлері марапатталды

    Фариза

    Қызылордада Сырдария ауданындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.