Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматының маңайына блок-бекеттер қайта қойылғалы жатыр ма — Бекшиннің жауабы

    Жандарбек Бекшин Алматыға және одан тыс жерлерге кіруді / шығуды шектеу жоспарлары бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    — Қаланың бас санитарлық дәрігері ең бастысы — тұрғындарды аурудан сақтау үшін оқшаулау керектігін айтты. Күн сайынғы тіркелген аурудың өсімі 7% -дан асқанда ең қатаң шаралар қабылданады. Бізде 10 күнге жуық аурудың өсімі 5% құрауда, бірақ көбінесе симптомсыз аурулар саны өсуде. Осыған байланысты ауруханада адам саны артып келеді. Қазір қаладағы ауруханалардағы орынның 95% қамтылған. Азаматтарды білікті және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ауру көлемін азайту керек. Біздің міндетіміз — халықты қорғау, азаматтардың денсаулығын сақтау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау, — деді ол.

    Бекшин сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде алаңдар, саябақтар, жағажайлар, спорт алаңдарында шектік шараларын сақтау бойынша полицияға тапсырма берілгенін де айтты.

    қатысты посттар

    Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды — Мамин коронавирустың жаңа толқыны туралы

    Фариза

    ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ПАРА-ПАР ЕҢБЕК

    Фариза

    Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көлік нөмірі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.