18.9 C
Алматы
Суббота, 12 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды

    Желіде Алматыдағы балабақшаның бірінде тәрбиелеушінің баланы азаптаған видеосы пайда болды. Енді мекемеде тексеріс жүргізіледі, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Видео Telegram-да жарияланған. Видео кадрында балалар орындықта отыр. Ал қарама-қарсы бетте тәрбиеші тұрған көрінеді. Ол кішкентай баланы құлағынан ұстап, есік жаққа алып кетеді. Сөйтіп тағы бір баланы қолына алады. Ол баланы да құлағынан ұстап басқа бөлмеге алып кетеді. Бала қарсы әрекет етемін деп құлап түседі.

    Видеода ата-ана мен кешірім сұрап тұрған тәрбиешінің әңгімесі естіліп қалған.

    Бұл бейнеге Алматының Білім басқармаса түсінік берді. Мекеме мәліметінше, оқиға Клочков көшесінде орналасқан № 7 ясли-балабақшасында болған.

    «Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Егер дерек дәлелденсе, жауапты қызметкерлер, оның ішінде, меңгерушіден бастап заңға сәйкес жазаланатын болады», — дейді Білім басқармасының қызметкерлі Қуандық Ешімет. 

    қатысты посттар

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс — депутат

    Астанадағы Наурыз мерекесіне 300 мыңнан астам адам қатысады

    Желіде полицейлердің түрмеде сотталғандармен бірге түстеніп отырған суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.