20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейеді. Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны күн санап артып келеді. Бір тәулік ішінде елде Covid-19 індетімен сырқаттанған 335 науқас және вирустың симптомсыз түрін жұқтырған 656 адам анықталды. Осылайша, ел аумағында індеттің ілмегіне 15 877 адам ілікті. Ал симптомсыз жағдайларды ескере отырып – науқастардың жалпы саны 22 708 адамға жетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шараларды жариялады. Соған сәйкес, 20-21 маусым – яғни демалыс күндері карантин талаптары күшейту туралы шешім қабылданды.
Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
- Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметін тоқтату;
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің тек жазғы алаңы барларының ғана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат ету;
- Қоғамдық көлік жұмысын шектеу;
- Қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтату;
- Фитнес орталықтарының қызметін тоқтату;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.
- Қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.
- Медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;
- Ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;
- Меншік нысанына қарамастан өңірде қолда бар ресурстарды тарта отырып, науқастарға КТ-зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету;
- Жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- Үйлерінде ем алып жатқан науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;
- Халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.