33.8 C
Алматы
Суббота, 17 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

    «Сіз тек өз өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың қауіпсіздігіне де
    жауаптысыз». Шымкенттің Еңбекші аудан әкімдігіндегілер арнайы
    рейд ұйымдастырды. Шара барысында біраз құқық бұзушылық
    анықталып, карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер мен
    қоғамдық көлік иелеріне есерту жасалды. Тәртіпке бағынбағандарға
    әкімшілік хаттама толтырылды.

    Ауру — астан. Сол себепті, мобильді топ бақылау жұмыстарын ең әуелі аудан
    аумағындағы асханалардан бастады. Тамақтану орнындары тазалыққа мән
    беріп, сақтық шараларына ерекше мән беруі керек. Дәмхана қызметкерлеріне
    кемшін тұстар ескертіліп, талапты қатаң сақтау ескертілді

    Сондай-ақ, қоғамдық көліктегі тәртіп те пысықталды. Тексеру жұмыстары
    барысында тұрғындардармен қатар бетперделік режимге құлақ аспаған көлік
    жүргізушілері мен кондукторлар да анықталды. Оған қоса жолаушылармен
    қолма-қол төлем жасалатындықтан кондуторларға қолғап кию қажеттігі
    айтылды.

    Рейд барысында аудан аумағындағы құрылыс заттарын сататын шағын
    базардағы қауіпсіздік те сынға ілінді. Саудагерлерден антисептик құралдары
    қолдану келушілермен арақашықтықты сақтау талап етілді. Күн санап
    дендеп бара жатқан дерттің алдын алу әркімнің өзінен басталатынын тілге
    тиек еткен мамандар карантин талаптарын сақтауға шақырды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

    Фариза

    Шымкентте инвестордың көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

    Фариза

    Шымкентте қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.