-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Тоқаевтың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп отыр» Берік Уәли Президенттің денсаулығы туралы мәлімет жариялады

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президенттің денсаулығы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматтары алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

    Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізіп жатқанын жеткізді.

    «Қазақстан Президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді», делінген жазбада.

    ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің өзі болса, бүгіндері ауруханада коронавирустан емделіп жатыр.

    қатысты посттар

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз — Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Несиелер мен микрокредиттерді уақытылы төлемегені үшін төтенше жағдай кезінде айыппұл салынбайды

    Фариза

    «Ауыл тұрғындарына сауаты төмен деп қарауды қою керек» Әли Бектаев Дана Нұржігітке ескерту жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.