Понедельник, 28 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда

    Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің қызметкерлері Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылындағы Қышқала қалашығында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының барысымен танысты. 

    Қалашықтағы қазба жұмыстары Алтын Орданың 750 жылдығы аясында облыстық бюджет есебінен жүргізілуде.

    Биылғы жылы республикаға белігілі археолог Мадияр Елеуов жетекшілік жасайтын археологиялық экспедиция кең көлемді археологиялық зерттеулермен қатар, консервациялық шараларды атқарады деп жоспарланып отыр.

    Қазіргі уақытта қалашықтың шетінде орналасқан кесенінің орны толық ашылды. Қазбаның нәтижесімен кесененің көлемі үлкен екендігі және толық қыштан тұрғызылғаны анықталды. Сонымен қатар, биылғы маусымда өткен жылғы қазба жұмыстары кезінде анықталған құрылыс нысандарына және қыш күйдіретін пеш орындарына зерттеу жүргізіледі. Бұл экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған.

    Айта кететін жайт, Қышқаладағы археологиялық зерттеулер 2018 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласының дәріханаларына 400 қорап дәрілік заттар жеткізілді

    Фариза

    Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

    Фариза

    Қазақстанда 150-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.