-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада облысында карантин режимі күшейтілді

    Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында 17 маусымнан бастап жаңа шектеулер енгізілді.

    Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы 7 пайыздан асып кетті. Осыған орай індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 қаулысы қабылданды.

    Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған, кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалады, – деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

    Аталған қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Қаулы негізінде бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгерістер енгізілді.

    Аймақта көпшілік іс-шараларды, ұжымдық барлық жиындарды өткізуге болмайды. Бала бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшалардың жұмысына, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар өткізуге тыйым салынды. Шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмысын жүргізуге болмайды. Сондай-ақ, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар және фут-кордтар қызметтеріне, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынды,деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

    қатысты посттар

    Ақтау гарнизонының инфрақұрылымы жақсаруда

    Фариза

    Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі туралы қысқаша сұхбат

    Фариза

    Оралда жұмыс істемейтін камераларға 54 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.