-7.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте дін істері басқармасы құрылды

    Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы 15 маусымда Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды. Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды.

    Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының жастар істері бөлімі ішкі саясат басқармасына қосылуының негізігі себебі бір бағытта жұмыс жасауы болып отыр. Жастар саясатын жүргізу ішкі саясат басқармасының құзырына қарайтын болғандықтан біріктірілді.

    Сонымен қатар Шымкент қаласы мегаполис статусын алғанға дейін (2018 жыл шілде айы) жастар істері жөніндегі бөлім ішкі саясаттың құрамында болған. Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың қалған бөлімдері Білім басқармасының құрамына енгізілді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Арыстық балалар Таразда демалады

    ШЫМКЕНТ: Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.