Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ДенсаулықҚоғам

    «Ресми өкіл ретінде айтамын, вирус жоқ, бәрі ойдан шығарылған. Сенбеңіздер!» — Диас Ахметшәріп

    «Ашық алаң» ток-шоуында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзі дәрігер Қайырғали Көнеевтің сынына ұшырады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Malim.kz порталына сілтеме жасап.

    Министрліктің ресми өкілі халықтың коронавирусқа сенбей жатқанын айтып, өзінше сарказмға көшеді. «Қараңыздаршы, күніне мыңға жуық адам қосылып жатыр. Осылай кете беретін болса, не істейміз?  Бізді тыңдап отырған, қазақстандықтар, сенбеңіздер. Ертең сіздер ауырғанда ауруханада орын да қалмайды. Сосын сіздерді ашығын айтқанда, жерлейміз. Мен ресми өкіл ретінде айтамын, сенбеңіздер. Бәрі ойдан шығарылған нәрсе.

    Қазір дәрігер маман да айтып жатыр, ауруханаларда орын жоқ. Бізді тыңдап отырғандар, егер сенбесеңіздер, сіздер ертең жұқтырасыздар. Сосын орын қалмайды. Аурасыздар, көз жұмасыздар», – дейді Диас Ахметшәріп.

    Ток-шоудың видеосын бөлісе отырып, Қайырғали Көнеев былай дейді:

    «Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінің сөзінше, короноврусқа сенбейтіндердің бәрі өледі. Неге екені, Денсаулық сақтау министрлігі біздің халықтың сақтығын күшейте алмай отыр. Осындай сөздерімен, керісінше халықты шындықтан алыстады. Меніңше бұл, кәсібиліктің төмендігінен».

    Осылай деген дәрігер, соңында коронавирус туралы өз ойын айтады. «Коронавирус өте қауіпті ауру. Ұзақ жүретін, соңы өлімге де соқтыруы мүмкін дерт. Жеке өзім, қатты аурып, қазір жазылған әріптестерімді білемін. Бірнеше танысым туыстарынан, ата-аналарынан осы дерт себепті айырылды.

    Сақтаныңыздар! Тазалықты сақтаңыздар», – деді Қайырғали Көнеев.

    https://www.facebook.com/100008059149715/posts/2721150344830244/?d=n

    қатысты посттар

    Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

    Фариза

    Желіде 42 500 теңге төлемі төленіп жатқаны туралы хабарламалар тарауда

    Фариза

    Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.