Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлын аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

    Батыс Қазақстан облысында ер адам 4 жастағы өгей ұлының аяқ-қолын байлап, бірнеше сағат бойы сарайға қамап тастаған. Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін атап өтті. Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтап жатыр.

    Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

    «1991 жылы туған ер азамат өзінің 2016 жылғы туған өгей баласын есік алдындағы қораға қамап ұстаған. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 126 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды».

    қатысты посттар

    «Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адам өліп кетуі мүмкін» Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат қаншалықты рас?

    Фариза

    «Үлгі аларлық челлендж» Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    «Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!» – имам ақша талап еткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.