Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр өңірінің күрішіне шетелдерде де сұраныс жоғары

    Қызылорда облысының сыр маржаны шетелдерде де сұранысқа ие. «Абзал және
    Компания» Толық Серіктестігінің «Элита» бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан,
    Түркменстан, Монғолия, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан және ТМД өзге елдеріне
    экспортталады. Кәсіпорын «күріш сапасы» стандарты бойынша ақталған және ұсақ күріш
    өндіреді.

    Аймақта сыр маржанын өндейтін ірі зауыттардың бірі – Қызылорда қаласында
    орналасқан «Абай Дәулет» ЖШС. Заманауи корей технолгиясымен жабдықталған
    кәсіпорынның қуаттылығы – сағатына 7-10 тонна. Шығарылған өнімнің 60% экспортқа
    жіберіледі.

    Айта кету керек, Қызылорда облысындағы тамақ өндірісінің 50%ы – күріш
    өңдеумен байланысты. Сыр салысын жаңа технологиямен өңдеу жұмыстары да жүйелі
    жолға қойылған. Мәселен, облыс аумағында 45 ірі және 29 кіші зауыт жұмыс істейді.
    Оның 27 халықаралық стандарқа сай. Бүгінгі күні барлық кәсіпорындардың жылдық
    қуаттылығы – 408,5 мың тонна. Өңірде Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру
    осы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен.
    Ал, экспорт көлемі – 31%-ға ұлғайған.

    қатысты посттар

    Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

    Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

    Фариза

    Шетелдіктерге жалға берілген жерлер 2025 жылға дейін мемлекетке кері қайтарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.