Қаражатсыз адам — қанаты жоқ құс секілді. Әр баланың өз арманы бар. Дегенмен, тұрмыстың ауырпалығы, отбасының қысымы балалардың қарапайым қалауын тек арманға айналдырып жібереді. Бұл жағдай жасөспірімдердің психологиясына едәуір кері әсерін тигізіп, өкінішке орай, кейбір балдар соның әсерінен суицидке дейін барады. Карантин уақыты бұл жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді.
Бұл өзекті мәселені қозғай отырып, Qazweek.kz халықаралық ақпарат агенттігі мен «Қайсар» футбол академиясы жасөспірімдердің ауыр тағдырына бей-жай қарай алмай, әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жобаның мақсаты: көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, тұрмыстың ауыр зардабын тартқан балалаға балалық шақтың бақытын сыйлау.
Олай болса, балаңыздың жаз мезгілінде уақытын тиімді өткізгенін қаласаңыз, «Қайсар» футбол академиясы сіздің балаңызды өз академиясында күтеді.
Шетелден келген арнайы футбол жұлдыздары сіздің кішкентай балаңыз үшін бұрын соңды болмаған құпияларымен бөлісетін болады. Академияның ерекшелігі басқаларда жоқ тәсілдер арқылы балаңыздың футболға деген қызығушылығын оятып, Қазақстанның болашақ футболисін дайындап шығарады.
«Қайсар» футбол академиясының спорт саласында 10 жылдық тәжірибесі бар мамандары 7 мен 14 жас аралығындағы балаларды футболға қызығушылығын арттыру үшін өздерінің арнайы жаңа жобасын дайындап шығарды. Бразилия, Испания елдерінен келген танымал футболистер мен еліміздің «Қайрат» клубының ойыншысы және «Жетісу» клубтарының футболистері тәжірибелермен бөлісіп, болашақ чемпиондардың жаттығуды қалай дұрыс жасау керек, ойын кезіндегі жеңіске жетуге итермелейтін айла-тәсілдерді, тіпті, балаңыз ауыр жарақат алмауы үшін, қалай жеңіл құлау керектігіне дейін бастан-аяқ үйретеді. Сонымен қатар, топпен бірлесіп жұмыс істеу мен өзін жан-жақты көрсете алуы үшін де жан-жақты жұмыс жасамақ. Академия ынтамен келген әр баланың уақытын босқа өткізуі үшін емес, олардың нәтижесі үшін барын салады.
Жаттығуды өткізетін бапкерлер Ресейдің Рубин қаласында тәжірибеден өткен «Қайрат» футзалының экс-ойыншылары:
Басты жаттықтырушы: Парух Бекет қазіргі таңда «Жетісу» футбол клубының мүшесі. Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. «Еременко» кубогының жеңімпазы, «Қайрат» ХҚК құрамындағы УЕФА кубогының иегері. «Қайрат» ХҚК клубтар арасындағы әлем чемпионы. Қазандық «Рубиннің» бұрынғы ойыншысы. «KZ» кубогының, сонымен қатар, «Super KZ» кубогының 2 дүркін жеңімпазы.
Бас бапкердің көмекшісі Парух Нұрдәулет «Тараз» футбол клубының бұрынғы ойыншысы, жастар арасындағы KZ чемпионы, 15 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионы. Жоғары санаттағы жаттықтырушылармен бірге тәжірибе алмасып, білімін жетілдірген өз ісінің маманы.
Тәжірибемен бөлісу мақсатында әлем бойынша 4 рет үздік ойыншының бірі атанған Бразилиядан келген «Игита» қақпашысы мен «Атлетико Минейро» футбол клубының ойыншысы болған Далтон, академиядағы әр баламен жұмыс жасап, әлемдік тәжірибелерімен, құпияларымен бөліседі. Сонымен қатар, Ұлттық құраманың капитаны Дінмұхаммед Сүлейменов те болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін қызықты ойындар өткізеді.
«Қайсар» футбол академиясы футбол сүйер жасөспірімдер үшін ең тиімді бағаны ұсынып отыр. Сонымен қатар, бір үйдің 2 баласы қатысқан жағдайда 50 % жеңілдік жасамақ. Сондай-ақ, өз атыңыздан басқа да қатысушыларды шақырған жағдайда, шақырушы да 50 % жеңілдік иесі болуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ алғашқы сабақ тегін!
Ал ең қуантарлық жаңалық, осыған сәйкес академияның ақпараттық қолдаушысы Qazweek.kz ақпарат агенттігі академияға қатысуға ынтасы бар 2 балаға тегін жолдама беру мақсатында конкурс ұйымдастыруда. Ол үшін келесідей шарттарды орындау керек:
- Qazweek.kz ақпарат агенттігінің Instagram желісіндегі парақшасына тіркелу;
- Конкурс жайлы жазылған постқа лайк басу;
- Сол посттың астына кемінде 3 досыңды белгілеу;
- Постты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің инстаграм парақшасын белгілеп, stories-ке шығару;
Конкурс жеңімпазы 6 шілде күні 18:00 де Qazweeek.kz ақпарат агенттігінің Instagram парақшасында тікелей эфирде анықталатын болады. Мүмкіндікті жіберіп алма!
Сонымен қатар, өмірлік, отбасылық қиын жағдайға тап болған балалар үшін біздің редакциямыз басқа да мүмкіндіктер қарастырады. Qazweek.kz ақпарат агенттігі үшін әр баланың болашағы маңызды!
Сіз жете алмаған арман-мақсатқа балаңыздың жетуіне жол ашыңыз!
Байлайныс телефондары: 8 707 862 44 66; 8 700 727 01 93
https://www.instagram.com/p/CBiKc7rHTmB/?utm_source=ig_web_copy_link
Фариза Жандар