-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада археологиялық қазба жұмыстары басталды

    Биыл облыста 6 ескерткішке археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

    Ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуірімен мерзімделетін Сығанақ, Қышқала қалашықтарына қазба жұмыстары басталды. Сонымен қатар, тамыз айында Асанас қалашығында да қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мұнан өзге, «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» бекітіліп, археологиялық зерттеу жұмыстарына бақылау шаралары мен талаптары күшейтілді, – деді Мира Рахымжанқызы.

    Айта кетейік, өңірде 545 тарих және мәдениет ескерткіші есепке алынса, оның 134-і археологиялық ескерткіш.

    Қазіргі таңда, археологиялық жұмыстардың зерттеу ауқымы кеңейіп, қазбалар жүргізілуде. Осы кезге дейін табылған 6486 экспонаттар музей қорында сақтаулы. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыруда үлкен септігін тигізеді.

    қатысты посттар

    Қазалыда 20 жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген мектеп күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 43482 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына тағзым етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.