Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қоғамдық көліктерді күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

    Коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты Шымкент қаласы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

    – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертен және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде, — дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев.

    Сондай-ақ, бөлім басшысы тұрғындардың карантин режиміне бей-жай қарайтынын жеткізді.

    – Жолаушылар қоғамдық көлікте бетперде тағуы міндетті. Тәртіп бәріне ортақ болғасын тұрғындар карантин режиміне бағынып, өздері де қоғамдық орындарда сақтануы керек, — деді ол.

    Фариза Жандар

     

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағашта 940 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Қызылордадағы жолдар жаңартылуда

    Фариза

    Қызылорда: Арал ауданында 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.