-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені айтылды

    Бейжің билігі Фэнтай ауданындағы «Синьфади» базарында COVID-19 жаппай тарауына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Синьфади» базарында вирустың жаппай тарауына байланысты Бейжіңде қайтадан эпидемия болу қаупі өте жоғары», — деді Бейжің үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сюй Хэцзян.

    Ол биліктегілердің сол базарда және базардың маңындағы аумақтарда эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Сондай-ақ, инфекцияның қайдан тарағаны анықталатыны айтылады.
    Бұдан бөлек, кеше, жексенбіде 76 499 адамның коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. 59 адамнан коронавирус анықталған.

    Ең қызығы, 11 маусымға дейін Бейжіңде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген еді.

    Қазіргі уақытта «Синьфади» базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.

    Айта кетейІК, 15 маусым таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 7,8 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүние жүзінде 7 887 221 адамнан COVID-19 табылған. Инфекциядан 432 632 адам қайтыс болса, 3 769 179 адам аурудан жазылған.

    Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 14 809-ға жетті.

    қатысты посттар

    Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырған: Індетке шалдыққандар саны 49-ға жетті

    Фариза

    Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирусқа шалдыққан әйелді өмір сүру мүмкіндігінен айырды. Билік індетпен осылай күрессе, халықта не үміт бар?

    Фариза

    Жұмыссыз отырған халық керекті заттарын алу үшін қаражат таппай ұрлыққа барады — Марғұлан Сейсембай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.