4 C
Алматы
Четверг, 21 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында соққыға жығылған зейнеткер арыз жазудан бас тартты

    Полиция зейнеткерді ұрып-соқты және тонады деген ақпаратты тергеп жатыр. Желіде зардап шеккен әжейдің фотосы тарады. Өзінің айтуынша, ол құлап қалған соң денесі көгерген. Алайда тергеушілер бұған күдікпен қарап отыр, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ұрып-соқты деген ақпарат пен фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында шықты. Жазба авторының айтуынша, Алматы облысының Жетіген ауылында ер адам мен әйел зейнеткердің үйіне терезесі арқылы кірген.

    «Әжей оянып, халатын киіп жатқанда басынан ұрып, соққыға жыққан. Тонаушылар үйден ақша ұрлаған. Соққыдан кейін олар әжейді өлді деп ойлап, Нұра ауылына алып кеткен. Осы ауылда жедел жәрдем көлігіндегілер көріп қалады да, оны ауруханаға алып кетеді. Қазір әже Іле аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр», — деп жазылған Instagram-да.

    Алматы облысы Полиция департаментіндегілер 14 маусымда Іле аудандық орталық ауруханасына 79 жастағы зейнеткердің түскенін растады. Жетіген ауылында тұратын әйел көп жарақат алған.

    «Әжейден сұрағанда жалғыз өзі тұратынын және үйде құлап, жарақат алғанын айтты. Бірақ тергеушілер бұған күмәнданып отыр. Сондықтан істің анық-қанығы жіті тексеріледі. Әйел өзінің жақындарын жақтап отырған болуы мүмкін», — деп хабарлады ПД.

    Ведомстводағылардың дерегінше, зейнеткер арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жасаудан бас тартқан. Алайда бұл факті тексеріліп жатыр.

    қатысты посттар

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Қосалқы шаруашылық — табыс көзі!

    «Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?» Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.