10 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының мәжілісі өтті

    Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы М.Әйтенов пен кеңес бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты.

    Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы М.Әйтенов пен кеңес бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты. Отырыс барысында 2020 жылдың 5 айында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өз бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы бірқатар салалық басқармалардың есебі тыңдалды.

    Жиында Жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков жыл басынан бері 20 000 га жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізілгенін баяндады. «Түгендеу нәтижесінде 8637 га құрайтын 836 учаскесі нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізілуде» — деді.

    Сондай-ақ 5 айда алаңы 17,3 га болатын 152 жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылған. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылының құрылысы, Астана даңғылының жалғасы, әуежайдағы жаңа терминал құрылысы, «Қошқар ата» өзені аумағында көп қабатты тұрғын үйлер, Асар ш/а жұқпалы аурухана құрылысы үшін жұмсалатын болады.

    Сонымен қатар күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы м.а Н.Жаманкөз баяндама оқыды. Жыл соңында 69 нысанның (18 ауызсу нысаны, 1 кәріз нысаны,10 электр нысаны,1 табиғи газ нысан,13 жылу нысаны,12 сейсмонығайту нысаны, 14 абаттандыру) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше қаланы көріктендіру мақсатында Қайтпас-1 шағын ауданында саябақтың құрылысы жүргізілуде. Одан өзге 9 гүлзарды қайта құру қолға алынған.

    Саяси кеңес бюросының мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

    Соның бірі — қаладағы өсіп тұрған ағаштарды неге кесетіні туралы сұраққа Мұрат Дүйсенбекұлының өзі жауап берді. «Осы сұрақ тұрғындардан да келіп түседі. Біріншіден, қаладағы ағаштар жүйесіз, арақашықтығы сақталмай отырғызылған. Өсе келе бір-біріне кедергі жасауда. Екіншіден, ағаш шыбық кезінен түзу болып өсуі үшін қырқу туралау жұмыстары жүргізіледі. Үшіншіден, күзге қарай кесілген ағаштардың орнына белгілі бір жүйе арқылы қайта көшеттер егілетін болады» — деді әкім.

    Жиынды қорытындылаған Төраға Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер негізінде алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, кемшіліктерді түзету үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Шымкент: 2000 мыңнан астам көше залалсыздандырырылады

    Фариза

    Семей әкімі көпбалалы аналармен кездесті

    Пікір қалдыру

    eighteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.