22 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиеліде алма бақтарының ауқымы кеңейіп келеді

    Қызылорда облысы Шиелі ауданында алма бақ пен жүзім алқаптарының көлемі кеңейіп келеді.

    Биылғы жылы Шиелі ауданының «Төңкеріс и К» ШҚ, «Жер Жомард Д» ЖШС, «Бала би-2004» ӨК ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері мен Өзбекстан Республикасының «Organic solutions» компаниясы бірлесіп, аудан көлемінде 55 гектар жерге алма бақ пен 2 га жүзім және түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.

    Атап айтар болсақ, «Төңкеріс и К» ШҚ – 10 гектар, «Жер Жомард Д» ЖШС – 35 гектар, «Бала би-2004» ӨК – 10 гектар жерге жеміс ағаштары егілген.

    Оған қоса, Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Май елді мекені мен Қарғалы ауылдық округтерінде жеке кәсіпкерлер 5 гектарға алма және жеміс ағаштарын отырғызды.

    қатысты посттар

    Мемлекет әскери база салу үшін қазақстандықтардың меншікті жерлерін тартып алмақ

    Фариза

    Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

    Фариза

    Қызылордада емдеу мекемелірінің жоспарлы жұмысы қайта жалғасты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.