Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

    Жездесін бауыздап өлтірген боксшы Асылан Мұқанов қылмыстық жазадан құтылып кетті. Бұл жайында бүгін онлайн сотта белгілі болды. Боксшы былтыр жазда туған жездесін ұйықтап жатқан жерінен пышақтап өлтіріп, із жасырмақ болған. Полицейлер қылмыскерді көп ұзамай иен даладан ұстаған еді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

    Тергеу амалдары мен сот процесі бір жылға созылды. Осы уақыт аралығында Асылан Мұқанов бірнеше рет сот-медициналық сараптамадан өткен. Сараптама қорытындысы боксшының қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне есеп бере алмайтындай жағдайда болғанын жария еткен.

    «ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі, 3-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылсын. Қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде Асылан Мұқановтың өз ісіне есеп бере алмайтын жағдайда болғаны ескеріліп, қылмыстық кодекстің он алтыншы бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын», — деді Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жаннара Тілеубаева.

    Сот қаулысына сәйкес, боксшы мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханада емделетін болды.

    қатысты посттар

    Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 млн теңге айналымы бар компанияның басшысы болып шықты

    Фариза

    Алматыда жазасын өтеушілердің камереларына теледидар қойылды

    Фариза

    Қорлық көрген бір үйдің 4 баласы әкелерінің қайыршылаққа салғанын айтып ашынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.