6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Бір тісі жоқ, сөйлей алмайды, тіпті тамақ іше алмайды» Шымкентте аяусыз соққыға жығылған келіншектің әпкесі жанайқайын айтты

    Шымкентте бейтаныс жігіттердің соққысынан ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шыққан әйелдің туысы оның жағдайын баяндады. Айтуынша сіңлісі өлім аузынан қалған хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

    «Менің сіңілім адам танымастай соққыға жығылған. Түні бойы далада жатып, өлім аузынан қалған. Бір тісі жоқ, сөйлей алмайды, тіпті тамақ іше алмайды», — дейді жәбірленушінің әпкесі.

    Келіншек сіңілісінің қабырғасы мен қолы сынғанын айтып, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жолдады. Оның айтуынша, жақыны кешкісін жұмыстан қайтып келе жатқанда бірнеше ер адам оны бас салып, соққыға жыққан. Ұрып-соққан соң, тұншықтырып, өлді деген оймен ағаштардың арасына жасырып кеткен көрінеді.

    Адамдардың құқығын қорғау ұйымының төрайымы Дина Смаилова қоғамда қатігездік белең алғанын айтады. «Зардап шегуші қатты соққыдан талып қалған. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр, енді бірнеше ота жасалады. Бізде қатігездік белең алды. Сол үшін қысым көрсету, зорлауға қатысты заңға өзгерту енгізу керек», — дейді «Не молчи» қорының жетекшісі.

    Статистикаға сүйенсек, елде күн сайын нәзік жандылардың біреу тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

    Ал карантин кезінде республика бойынша жедел желілерге отбасылық-тұрмыстық зорлық құрбандарынан 135 мың қоңырау келіп түскен.

    Әр жыл сайын өкінішке қарай 400 әйел адам осындай зорлық-зомбылықтың арқасында бұл дүниеден ол дүниеге кетеді.

    қатысты посттар

    9-жасар қалыңдық: Үйлену тойдағы видео жұртты жылатты

    «Өлі бала…» — көшедегі қайыршылардың қолындағы балалар неге үнемі ұйықтап жатады?

    Үлбіде 90 тонна уран отыны сақталатын болды. Қазақстан оған керек орынды тегін бермек

    Пікір қалдыру

    eighteen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.