-2.1 C
Алматы
Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Өмірім үшін қорқамын» Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған алматылық қыз сұмдық суреттерін жариялады

    Қазнетте жігіті ұрып-соққан алматылық қыздың сұмдық суреттері тарап жатыр, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мен енді бұдан әрі үндемей қоя алмаймын! Жігітім мені осымен бір жол бойы ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алып жүр, өлтіремін деп қорқытып жүр. Өмірім үшін қорқамын», — деп жазған қыз Instagram желісіндегі парақшасында.

    Алматы полиция департаменті қыздың 10 маусымда арыз жазғанын айтты.

    «Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында және кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі», — деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

    Сондай-ақ, қажетті сараптамалардың жүргізілетіні айтылады.

    қатысты посттар

    «Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!» – имам ақша талап еткен

    Фариза

    «Қазақстанға 55 ескі зауыт көшіріледі» деген әңгіме бар» Министрлік жауап берді

    Фариза

    Кентауда мектептегі төбелестен кейін оқушы қыз ауруханаға түсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.