7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға келетін жолдарға блок-бекеттер қойылғаны рас па?

    Әлеуметтік желілерде Алматы қаласы мен облыс арасындағы шекараларға блок-бекеттер қойылғаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Алматы облысы әкімдігі мен облыстық полиция департаменті хабарлады.

    Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар Алматы облысының периметрі бойынша әскерилер қойылған блок-бекеттер пайда болғаны туралы ақпараттар таратуда. Олар Алматыдан Шамалған, Қаскелең және Ұзынағашқа апаратын жолдарда орнатылған делінеді хабарламада. Осы мәселеге түсінік алу үшін zakon.kz тілшісі Алматы облысының әкімдігі мен облыстық ПД баспасөз қызметіне ресми сауалмен жүгінді.

    Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Алматы облысының әкімдігі бұл фактіні ресми түрде жоққа шығарады. Аймақтың периметрі бойынша ешқандай жол кедергілері орнатылмайды. Сонымен қатар, Алматы облысының коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі видомствааралық комиссия да мұндай мәселені қарастырған жоқ, — деді ол.

    Дәл осындай жауап облыстық ПД баспасөз қызметінен алынды.

    Біз бұл ақпаратты растамаймыз. Қазіргі уақытта Алматы облысында полиция бекеттері еш жерде орнатылмаған, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Алдында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомтсааралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блок-бекеттер қайта қойылмайтындығы хабарланған.

    қатысты посттар

    «Министрлікке не істеу керек? » Білім министрі сын көтермей тұрған оқулықтарға байланысты мәлімдеме жасады

    Жамбылдық құрылысшылар марапатталды

    Фариза

    Қызылорда: Қала күнінде 20 тұрғын жаңа пәтерге ие болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.