-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент Армян көліктерін тіркеуден үздік үштікке енді

    1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталған болатын. Polisia.kz порталының дерегі бойынша Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша Шымкент қаласы үздік үштікті аяқтады

    Алғашқы 10 күннің ішінде Шымкент қаласының Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеп үлгерді. Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейін алғашқы үштікті Шымкент қаласы жалғап отыр. Шымкен қаласының Полиция департаменті тапсырманы алғашқылардың бірі болып аяқтап қана қоймай, сонымен қатар,  аталмыш департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ісіне қатысты жүргізушілерге тиісті кеңес те беруге кірісті. Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, 15-20 минуттың ішінде теркеуге болады. Тіркеу құнына: – 695 теңге – тіркеу үшін алым; – 3 773 теңге – көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж; – 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді. Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Таразда «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» I — Халықаралық форумы өтті

    Фариза

    Шымкент: қаланың орталық көшелерінде ауыр жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды

    Фариза

    Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.