Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы: кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

    Биылғы жылдың қаңтар мен сәуір айы аралығындағы есепке сәйкес Қазалыда 4364 кәсіпкерлік субъектілері тізімге алынған. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда 89 кәсіпкерге көп. Соңғы мәліметтерге сәйкес 289 заңды тұлға, 3138 жеке кәсіпкер мен 940-қа жуық шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Олар биылғы төрт ай ішінде бюджетке 52 миллион теңгеге жуық салық төлегені тағы бар. Демек елдегі жағдайға қарамастан кәсіпкерлік саласында ілгерілеушілікті анық байқауға болады.

    Бұдан бөлек жергілікті өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің де несібесі былтырғыдан еселеніп, нәтижесінде 8419 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Тек бөлшек сауда көлемі ғана 2019 жылдың осы уақытындағыдай сауда жасай алмады. Бұл бүгінде 86,2 процентті көрсетті.

    Жалпы аталған мезгілде аудан кәсіпкерлері мен ісін жаңадан ­бастаушылардан сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдарына 80 өтініш жолданған. Оның ­басым бөлігі қолдау тауып, жалпы көлемі 300,3 млнтеңге несие мен грант қаражаты берілді. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасымен Өңірлік инвестиция орталығы 10 жобаға 27,8, ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қорынан 17 жобаға 47,7 млн теңге қаржы бөлінген. Тағы 47 бизнес-идея «Қарапайым заттар экономикасы», «Қазалы-Несие» кредиттік серіктестігі мен «Стартап» грант жобасы арқылы қолдау тапты.

    Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 145,5 млн теңгені құрайтын 6 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржы алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Бұл аз десеңіз, бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 5 жобаға «Даму» қоры 45,9 млн теңгеге кепілдік берді.

    Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезеңінің», электрмен жабдықтау жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ «Сумен жабдықтауды» іске асыру үшін жоба-смета құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен 70,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бұған қоса қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – «Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету» жобасына 148,9 млн теңге қарастырылды. Ал қазіргі кезде қаржы ұйымдарында 481,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба талқылануда.

    Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің берген ақпарына сенсек соңғы төрт айда 40 адам 200 айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) көлеміндегі грантқа ие болды.

    қатысты посттар

    Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік тауарларының бағасы қолжетімді болады

    Фариза

    60-70 мың айлықпен күнелтетін ата-ана баласын оқу жылына толық дайындай ала ма?

    Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді — министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.