-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттіктер жылуға 26 млн. теңге артық ақша төлеп келген

    Шымкенттік тұрғындар жылу үшін 26 миллион теңге артық ақша төлеп келген. Монополияға қарсы департамент «толық соманы 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарамыз»,-деп сендірді.

    «Табиғи монополиялар» туралы Заңнамада сыртқы температураны ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметі қайта есептелетіні тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұған қоса, тұтынушының орналасқан жеріне байланысты ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеу міндеттемесі де бар. Осы қағидаларды ескере отырып, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласындағы департаменті«Қуатжылуорталық 3» компаниясымен бірлесе отырып, өткен жылыту маусымында тұрғындарға қаражатты қайта есептеді. Бұл туралы сала жетекшісі Дархан Кайнбердиев мәлімдеді.Мәселен, жылу маусымында күн райы 1,4 градусты көрсетсе, немесе Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша нақты ауа температурасы 3,7 градусқа жетсе, жылуға жуаптылар тарифті қайта есептеуге міндетті. Бұл жұмыстардың нәтижесінде «Қуатжылу орталық 3» серіктестігі керісінше, тұрғындарға қарыз болып шықты.  Жылу қызметтерін пайдаланатын және жылу есептегіштері жоқ тұтынушыларға қайтарылатын сома 25,8 миллион теңгені құрап отыр. Бұл бір шаршы метрге 9,93 теңге төленеді деген сөз. Жылу үшін жасалған артық сома қарапайым үйлердің 1 шаршы метріне 12,2 теңге, ал ескірген үйлер үшін12,2 теңге болып бекітілген. Қайта есептеу 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Таразда демеушілердің қаражатымен гимнастика және үстел теннисі орталығы ашылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 550-ГЕ ЖУЫҚ ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫ БАР

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.