-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

    Байқоңыр іргесіндегі Төретам кентінде қосалқы электр станциясын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

    Станция жарты ғасырдан бері жөнделмеген. Сондықтан елді мекенде жарықты іркіліссіз беру мәселесі өзекті еді.

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бұл құрылысқа 340 адамды тарту көзделген. Қармақшы аудандық электр тарату тораптары мекемесінің станциясы да қайта жөнделіп жатыр. Нысандағы құрылғылар әбден ескірген. Жауын жауса, станция істен шығып қалатын. Мамандар «осы олқылықтың орнын биыл толтырамыз» дейді.

    – Қазіргі таңда 1 млрд 600 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба аясында аталған қосалқы станция қайта жаңғыртылудан өтетін болады. Нәтижесінде аудан халқы тұрақты түрде, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы құрылыс жұмыстарын біз қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді Қызылорда облыстық энергетика және ТКШ басқармасының жауапты мамандары.

     

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы жылу маусымына дайындық мәселесін саралады

    Фариза

    Алматы облысында ер адам карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген

    Фариза

    «Алас, алас» жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырғандар елді шошытты (видео)

    Пікір қалдыру

    17 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.