Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева жуырда әлеуметтік желіні шарлаған подиумға іш киіммен Қазақстанның мемлекеттің рәмізі саналатын көк туымызды көтеріп шыққан қызды заң бойынша жауапқа тарту керектігін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.
«Мұсылмандығымыз қайда қалды?» — деп ашынған әнші оданда жөні түзі дүниені көрсету керектігін ескертті.
«Осындайларды жауапқа тарту керек. Қазақстан заңы, мемлекеттік рәміз. Егер көк туымыздың жаны, қол-аяғы болса, сенің қолыңа түспес еді, жақындатпас еді жанына. Әттең-ай, сәнқойлар. Көрсеткілерің келсе, жөні түзуін таппайсыңдар ма?!
Құдай-ай, не деген фигура? Карантиннен кейінгі менің фигурамнан аумайды екен. Мұсылмандығымыз қайда қалды?! Ең қинайтыны, көк туымыз-ай қор болған», — деп жазды ол.
https://www.instagram.com/p/CBKZSmYhi1m/?utm_source=ig_web_copy_link