-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 276 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады

    Биыл Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 9299 жұмыс орны ашылып, 500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

    – Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, кадрлік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру. Сондай-ақ, жол картасында мынадай жұмыс түрлері мен объектілер бойынша инфрақұрылымдық жобалардың тізімі ұсынылды. Олар:

    1) Әлеуметтік-мәдениет объектілерін – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

    2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері, көппәтерлі тұрғын үйлер) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;

    3) Инженерлік-көлік инфрақұрылымын (кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы объектілері және құрылыстары) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

    4) Елді мекендерді абаттандыру. Яғни аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру, – дейді сала басшысы.

    Қазіргі таңда 175 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлері анықталды. Мұнан өзге, 25 жоба бойынша келісім шарт жасалып, 74 азамат жұмысқа тартылды.

    Айта кетейік, жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға, оның ішінде денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға студенттерді жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі.

     

    қатысты посттар

    Жауынгерлік әзірлікті жіті меңгерген және антына адал болған сарбаздарды алғыс хатпен марапатталды

    «Миы шайқалып кеткен» Ер адам өгей анасы мен оның шешесін өлімші етіп сабап тастады (видео)

    Бекшин Алматының карантинге жабылатыны туралы қауесетке жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.