-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі бойынша 115382 тұрғынға кеңес берілді

    Қызылорда облысында жыл басынан бері 201 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде, 35-
    і дала және орман өрті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық
    алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар
    департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

    – Облыстың 115382 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіттеу-
    түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 239 объекті тексерілді.
    Оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша 148 объекті, жоспардан тыс бақылау бағытында 91
    объекті. Тексеру барысында нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына
    хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды, – деді Руслан Сламбекұлы.

    Сонымен қатар, орман қоры аумағында орын алған өрттердің негізгі себептері
    тұрғындардың және жеке шаруа қожалық иелерінің өз жерлерін абаттандыру, жерді ашу
    үшін қураған шөптерді және қоқыстарды өртеу кезінде желдің әсерінен орман қоры
    аумағына шоқ ұшқындарының ұшуынан өртке ұластынын да тілге тиек етті.

    қатысты посттар

    Қармақшы аудандық ауруханасына жаңа көлік табысталды

    Фариза

    “Министрдің қолы кез келген жерге қойыла бере ме?» Грант иегері атанған студенттер оқуға түсе алмай қалды

    Фариза

    ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН АЙМАҚТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.